Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия профессорлары Орталық Азияда мәдени ынтымақтастықты дамыту бойынша халықаралық конференцияға қатысты

Қазақ ұлттық хореография академиясының профессор-оқытушылар құрамы «Орталық Азия халықтарының мәдени келешектері» І Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ынтымақтастық  пен өзара түсіністік туралы келісім аясында ұйымдастырылған ірі іс-шара ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Өзбекстанның Мемлекеттік Хореография Академиясында өтті.

Қазақстандық педагогтармен бірге конференцияға Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының, Белорус мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің, оқу орнының ректоры Шухрат Тохтасимов бастаған Өзбекстан Мемлекеттік Хореография академиясының өкілдері қатысты. Халықаралық конференцияның құрметті қонағы КСРО Халық әртісі, профессор Бернара Кариева болды.  

«Орталық Азия халықтарының мәдени келешектері» І Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясының атақты қатысушыларының алдында ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Ізім Тойған Оспанқызы баяндама жасады.

Сонымен қатар, баяндама жасап, сөз сөйлегендер:

  • Угила Низамовна Мухамедова, Өзбекстанның Еңбек сіңірген әртісі, Өзбекстан Мемлекеттік Хореография Академиясы хореография кафедрасының профессоры;
  • Светлана Вячеславовна Гутковская, Белорус мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің “Өнері мамандығы бойынша доценті, профессоры, хореография кафедрасының меңгерушісі;
  • Святослав Михайлович Оленев, Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының оқу жұмысы жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор;
  • Ботир Матёқубов, Ардахан Университеті (Түркия), әсем өнер факультеті, ғылым докторы, профессор;
  • Андрей Александрович Меланьин, Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының доценті, Заманауи өнер институтының профессоры, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ресей Федерациясы Үкіметінің мәдениет саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  өнертану кандидаты;
  •  Хулькар Хамидуллаевна Хамраева, филология ғылымдарының кандидаты, Өзбекстан Мемлекеттік Хореография Академиясы “Өнер тарихы мен теориясы” кафедрасының аға оқытушысы.

Халықаралық конференция қорытындылары бойынша өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар жинағы шығарылады, жинақта Қазақ ұлттық хореография академиясының Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму директоры Жанна Женисовна Толысбаеваның ғылыми мақаласы да жарияланатын болады.

Яндекс.Метрика