Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҰСТАЗ, СЕН МЕНІҢ ЖАДЫМДАСЫҢ!

Хореография факультеті 3 қазан күні сағат 11.00-де барлық ниет білдірушілерді хореография факультетінің жетекші оқытушыларының қатысуымен өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арналған онлайн кездесуге шақырады. Кездесу қонақтары:

  • – Өнертану кандидаты, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, профессор Ізім Тойған Оспанқызы;
  • – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алишева Алила Турсумбаевна;
  • – ҚР еңбек сіңірген әртісі, режиссура кафедрасының меңгерушісі Тукеев Мұрат Орындыкбаевич;
  • – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, “Қазақстанның 100 жаңа есімі” республикалық жобасының жеңімпазы, аға оқытушы Садыкова Анвара Ариповна.

Кездесу барысында оқытушылар шығармашылық жолдарында аса жомарттықпен өз білімдерімен бөліскен, өмірлерінде ұмытылмас із қалдырған, шәкіртке деген риясыз махаббаттарын төге білген ұстаздары туралы шексіз ризашылықпен еске ала отырып,  әңгіме шертпек.

Кездесуіміз көптеген буын әртістері үшін Қазақстандағы кәсіби балет мектебінің алғашқы ұстазы болған Александр Владимирович Селезнев туралы әңгімеден басталады.

Кездесу модераторы – Құрмет орденінің кавалері, режиссура кафедрасының доценті Мусина Флюра Борисовна.

 

Яндекс.Метрика