Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенті Грозныйдағы халықаралық байқауда ІІІ орын алды

Хореография академиясының студенті Аққанат Смағұлова М. Эсамбаев атындағы халықаралық жеке би фестиваль-байқауында ІІІ орынды иеленді.

15-18 қазанда Шешен Республикасының астанасы Грозныйда Махмұд Эсамбаев атындағы XIII халықаралық жеке би фестиваль-байқауы өтті. Бұл байқау Халықаралық балет байқауларының федерациясына кіреді және халық биі бағытындағы ең беделді байқаулардың бірі болып табылады.

Байқаудың қазылар алқасының төрағасы ретінде белгілі балеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, «Балет» журналының аты аңызға айналған және тұрақты бас редакторы Валерия Уральская сөз сөйледі.

Қазақ ұлттық хореография академиясының 3 курс студенті Аққанат Смағұлова да қатысып, байқау қорытындысы бойынша «Жеке би» номинациясында ІІІ орын алды. Аққанатпен бірге Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Ресейден: Татарстан, Башқұртстан, Удмуртия, Марий Эл Республикасы, Адыгей Республикасы, Ингушетия, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Тюмень, Архангельск қалаларынан қатысушылар бақ сынасты.

Байқауда Аққанат Академия педагогтары Алмат Шәмшиев пен Анвара Садықова дайындаған ұлттық репертуармен лайықты өнер көрсетті.

Аққанатты құттықтаймыз және жаңа кәсіби биіктерге жете беруіне тілектеспіз!

Яндекс.Метрика