Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия қызметкерлері Эразмус+ бағдарламасы бойынша Тарту университетіне шақырылды

Қазақ ұлттық хореография академиясы қызметкерлері Erasmus+ International Credit Mobility бағдарламасы аясында Тарту университетіндегі әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында Эстонияға келді.

Бір апта ішінде ғылыми-зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі директор Жанна Толысбаева мен ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және аккредиттеу бөлімінің бас маманы Мария Косиди Эстония университетінің үздіксіз және онлайн білім беру, халықаралық маркетинг және рекрутинг, шетелдік студенттерді қолдау сияқты салалардағы тәжірибесін зерттеп,  аталмыш оқу орнының халықаралық бағдарламаларымен және Erasmus+ бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып шығады.

Эразмус+ – білім беру жүйесін, кәсіптік оқытуды, жастар саясаты мен спортты жаңғырту мен тұрақты дамытуды қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Ол еуропалық елдер мен дүние жүзіндегі серіктес елдер арасындағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктерді, соның ішінде бағдарламаға қатысушы басқа елде оқу, тағылымдамадан өту немесе сабақ беру мүмкіндігін береді.

Яндекс.Метрика