Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тәні саудың жаны сау: Академия қызметкерлері үшін тегін йога сабақтары ұйымдастырылды

Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлері үшін Свами Вивекананда мәдени орталығының оқытушысы беретін тегін йога сабақтары ұйымдастырылды. Бұл бастама оқу орны мен Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.

Енді академия қызметкерлері апта сайын йога сабақтарына қатысатын болады. 

Свами Вивекананда мәдени орталығы (SVCC) Үндістан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды орнату және нығайту үшін құрылған. SVCC Үндістан мәдениетін көпшілікке танымал етуге бағытталған әртүрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

Яндекс.Метрика