Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияның соңғы коңырау салтанаты «Астана Балет» театрында өтті

Мамырдың 25 күні «Астана Балет» театрында Қазақ ұлттық хореография академиясында оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты кеш басында Академия ректоры Алтынай Асылмұратова құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін тамаша күн, мен барлығын оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын, әсіресе биыл оқу жылын үздік бағамен аяқтаған балаларды құттықтағым келеді, өйткені балет әртістері үшін білім маңызды. Өйткені бақытты адам болу үшін білімді болу керек, ол үшін көп оқу керек», – деді А.Асылмұратова.

Шара қонақтарына академия білім алушыларының орындауындағы мерекелік концерт, соның ішінде классикалық балет қойылымдарынан үзінділер мен вариациялар, сондай-ақ академия оқытушылары қойған концерттік нөмірлер ұсынылды.

Яндекс.Метрика