Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия қызметкерлері министр Дәурен Абаевтың атынан алғыс хат алды

Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атынан алғыс хат алды.

Атап айтқанда, алғыс хаттар Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай доцент Жауһар Қожантаева және аға оқытушылар Сәуле Джубатчанова мен Диана Ағзамоваға табыс етілді.

Министрдің құттықтауларына қосылып, әріптестерімізге жоғары кәсібилігі мен бірлескен жұмысы үшін алғыс айтамыз. Еңбегіңіз әрқашан жемісті болсын!

Яндекс.Метрика