Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда алдағы референдум тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Мамырдың 16 мен 17 күндері Қазақ ұлттық хореография академиясында алдағы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге академияның студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ Академиядағы Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 18 жасқа толған білім алушылары қатысты.

Студенттер еліміздің негізгі заңына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды, олардың мемлекет дамуына болашақтағы әсерін және Қазақстанның «суперпрезиденттік» басқару нысанынан ықпалды парламенті және оған есеп беруші үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді талқылады.

Яндекс.Метрика