Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті

27 ақпан күні Қазақ ұлттық хореография академиясында бастауыш сынып оқытушыларына арналған қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы “Оқу-білімсіз өнер жоқ, ең алдымен білім керек” деп анықталды.  Қазақ ұлттық хореография академиясының бастауыш сынып мұғалімі Мадина Тулюбаева өз баяндамасында инновациялық технологиялар ғасырында жаңа буын балаларын оқыту кезінде Chat GPT, фото және бейне редакторлар және т. б. сияқты заманауи әдістер мен құралдарды қолдану қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, мұғалім мен оқушы арасында сенімді қарым-қатынас орнатылуы керек, бұл өз кезегінде баланың ақпаратты оңай игеруіне ғана емес, сонымен бірге психологиялық тұрақтылықты дамытуға ықпал етеді.

Семинар педагогикалық тәжірибе алмасуға және жаңа білім алуға бағытталған. Семинарға қалалық әдістемелік орталықтың мамандары шақырылды. Семинар аясында бізде жеті ашық сабақ жоспарланған. Олардың бесеуін Академиямыздың оқытушылары, ал екеуін сырттан шақырылған мамандар жүргізеді. Бұдан әрі оқытушылар үшін шеберлік сыныптарын өткізу жоспарлануда, деп бөлісті Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау қызметінің басшысы Дана Абдрасилова.

Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында қалалық семинар алғаш рет өткізіліп отыр. Бүгін оған Астана қаласының орта білім беру мекемелерінің 50-ге жуық өкілі қатысты. Олардың арасында тәжірибелі ұстаздар да, жаңадан келген мамандар да болды.

Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқытушысы Айжан Еранқызы мұндай семинарлар жас мамандар үшін өте пайдалы деп санайды.Мұнда олар жаңа білім алуға, мектеп жүйесіне енгізілген оқытудың заманауи әдістерін, сондай-ақ әріптестерінің тәжірибесін көріге келеді.

Яндекс.Метрика