Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Uncover Show – 2024» байқауы

Академия қабырғасында 2017 жылдан бастап өтетін, студенттердің өнерінің шыңдалуына себепкер болған жоба «Uncover – 2024»  өнер додасы биыл да жалғасын тапты. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету.

Байқаудың ерекшелігі, әрбір қатысушы өзінің шығармашылық әлеуетін белгісіз қырынан ашуы. Кеш барысында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге позитивті эмоциялар сыйлады.

Өнер факультетінің деканы Райхан Досжанның айтуынша, мұндай байқаулар студенттердің әлеуетін ашып, академия студенттерінің оқуда ғана емес, шығармашылықта да табысқа жетуінің айқын дәлелі.

«Uncover – 2024» байқауының қорытындысы бойынша 1 орынды Ақжан мен Тоқжан Рапишев, 2 орынды Акуленко Ангелина, 3 орынды Бақнұр Сейітқадыр мен Айғаным Риахан жеңіп алды.

Байқау ұйымдастырушылары Қазақ ұлттық хореография академиясының өнер факультеті болды.

Яндекс.Метрика