Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Слово и жест» шеберлік сабағы

23 ақпан күні Қазақ ұлттық хореография академиясының конференц-залында пластика және хореография бойынша режиссер Әлішер Хасановпен шеберлік сабағы өтті. Шығармашылық кездесуге тек студенттер ғана емес, Академия педагогтары да қызығушылық танытты. Барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Әлішер Хасанов, балетмейстер, Ресейдің түрлі қалаларындағы ондаған қойылымдардың хореографы, халықаралық жобалардың қатысушысы, опералардың, мюзиклдердің және балалар музыкалық спектакльдерінің қоюшы-режиссері.

Мәскеудегі XI Халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының дипломанты. Алматы хореографиялық училищесін, ГИТИС бітірген.
Римский–Корсаков (Санкт-Петербург) консерваториясының жанындағы опера және балет театрында, Станиславский және Немерович-Данченко атындағы Академиялық музыкалық театрда (Мәскеу), Мәскеудегі “Мәскеу”камералық балетінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, “Мим-оркестр”пластикалық театрының құрушысы.

 

Яндекс.Метрика