Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда мерекелік концерт өтті

7 наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Іс-шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі әкімшілік-шаруашылық бөлімімен және Жастар істері жөніндегі комитетпен бірлесіп ұйымдастырды.

Концертке Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындау үшін  Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт солисі Дидар Абдухалық шақырылды.

Сонымен қатар, концертте кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 1 сынып оқушылары, хореография факультетінің 3 курс студенті Мұхтархан Болатхан, халықаралық конкурстардың лауреаты Академияның концертмейстері Тагир Камальтдинов, хореография факультетінің 1 курс студенттері Екатерина Карась және Григорий Силниченко, сондай-ақ Академияның педагогтары мен қызметкерлері Әділбек Сәдуақасов, Бағлан Омарқұлов, Еламан Тоқтарбаев, Ардақ Амантай және Евгений Моисеев өнер көрсетті.

Арт-менеджмент мамандығының 1 курс студенттері «Жұлдызды би» концерттік нөмірін орындады.

Яндекс.Метрика