Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда оқу эвакуациясы өтті

23 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясында кезекті оқу эвакуациясы өтті. Іс-шара оқу орнының оқу, тұрғын үй және балет ғимараттарында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өртке қарсы режимді сақтау, жауапты қызметкерлердің өрт немесе террористік акт қаупі кезінде адамдарды эвакуациялау дағдыларын пысықтау.

Эвакуациядан кейін Академия қызметкерлері мен оқушыларына объектілік жаттығулардың маңыздылығы туралы айтылды, сондай-ақ дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету үшін қандай іс-әрекеттер жасау керектігі және қарапайым жеке қорғаныс құралдарын қалай пайдалану керектігі түсіндірілді.

Яндекс.Метрика