Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы ғылым апталығы өтеді

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар!

Сіздерді Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері мен магистранттарының V ғылым апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Ғылыми іс-шараның барлық қатысушыларына жеке жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!

Жыл сайынғы ғылым апталығын хореография мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан өнер адамдары мен ғалымдарға арналған «Мәдениет пен өнердегі көрнекті тұлғардың өмірі» ғылыми-ағартушылық жобасы ашады. Жобалардың тұсаукесері дүйсенбі, 12 сәуір күні сағат 10-00-де басталады, көрсетілім Академияның Youtube арнасында өтеді.

Жобаның мақсаты – тыңдаушыларды хореография мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан өнер адамдары мен ғалымдардың қызметімен таныстыру.

Жоба хореография академиясының студенттері мен магистранттарының күшімен жүзеге асты.

Ұйымдастырушылар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімі.

Анықтама телефоны: 8 7172 798547

E–mail: onaukaipo@gmail.com

Яндекс.Метрика