Қабылдау комиссияларының байланыстары

Студент жастарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар

Қазақ ұлттық хореография академиясының Жастар істері жөніндегі комитеті «Adaldyq alany» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ҮЕҰ мен сарапшылар қауымдастығының қатысуын кеңейту» онлайн-семинарына қатысты. Іс-шара Еуразия ұлттық университетінің базасында өтті. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Нұр-Сұлтан қаласында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.

Онлайн-семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдері мен жастарды тарту арқылы мемлекеттік қызметтер мен жоғары білім беру саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті»  қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Семинарға мемлекеттік органдардың басшылары, “Nur Otan” партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, “Атамекен” ҰКП өкілдері, “Adaldyq alany” жобалық кеңсесінің, жоғары оқу орындарының ЖІК белсенділері, соның ішінде Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кездесу барысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру; мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылу барысы туралы халықты хабардар ету, нақты атаулы көмек көрсету; “Adaldyq alany” жобалық кеңселерінің өкілдерін тарта отырып, пікірталас және оқыту алаңдарын ұйымдастыру; мемлекеттік қызметтерді ұсыну бөлігінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері мен жоғары оқу орындарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі “Adaldyq alany” жобалық кеңселері жұмысының үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастық бөлігіндегі негізгі бағыттары белгіленді.

Яндекс.Метрика