Қабылдау комиссияларының байланыстары

Күлімсіреуден бәрі жарқын болады

Қазақ ұлттық хореография академиясының төменгі сынып оқушылары «Күлімсіреуден бәрі жарқын болады» тренингіне қатысты. Психолог Баян Байтукова балалармен күлімсіреудің белгілі бір күшке ие және ғажайыптар жасай алатындығы туралы әңгіме өткізді, балалар «күлкі терапиясы» сияқты ұғыммен танысты. Іс-шара мейірімділікке, бір-біріне құрметпен қарауға, мақтау сөздер айта білуге және сыныпта жағымды атмосфераны қалыптастыруға қаншалықты маңызды екенін көрсету мақсатында өткізілді.

«Комплименттер» жаттығуын орындау барысында әр оқушыға өзін жақсы жағынан көрсетуге және сыныптастарына комплимент айтып, күлімсіреу сыйлауға мүмкіндік берілді, ал көңілді жұмбақтар тренингтің жағымды атмосферасын нығайтты. Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін суреттерде көрсетуге тырысты.

Яндекс.Метрика