Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тренниг «Біз өмірді таңдаймыз!»

Жастар «өмірден шаршадым» деп жиі шағымданады. Мұндай «шаршау» күйі өмірлік бағдардың жоғалуынан, өмірдің мазмұны мен сапасының ішкі қажеттіліктерге сәйкес келмеуінен туындайды.

2021 жылғы наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясында студенттерге «Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында тренинг сабақтар циклы өткізілді. Сабақтар Арт-терапия форматында өтті.

Сабақтың мақсаты: студенттің ішкі эмоционалдық жағдайын үйлестіру, өмірдің жағымсыз факторларына қарсы тұруға қабілетті, әлеуметтік бейімделген тұлғаны қалыптастыру және дамыту.

Тренинг барысында қатысушылар «Өз өміріңіздің мандаласын жасау» медитациялық техникасымен танысты. Мандала оюларын бояу арқылы адам медитациялық күйге еніп, суретте өздерінің ұмтылыстары мен армандарын салады. Мандаламен шығармашылық жұмыс ойды реттейді, адамның ішкі әлеміне үйлесімділік пен тепе-теңдік сезімін әкеледі, ішкі «Мен» және түйсік сезімімен байланыс орнатады.

Тренингтің соңында кері байланыс ретінде психологпен ішкі эмоционалдық күй өзгерістеріне сараптама жүргізілді.

Яндекс.Метрика