Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда Жастар істері жөніндегі комитет отырысы өтті

2023 жылдың 8 қыркүйегінде бірінші курс студенттері мен жоғары курс студенттерінің қатысуымен биылғы оқу жылында Академияның Жастар істері жөніндегі комитетінің бірінші отырысы өтті. Кездесуді педагог-ұйымдастырушы А.Каженова жүргізді.

Кездесуде ЖІК-тің өткен оқу жылындағы жұмысы талқыланып, ЖІК ұйымдастыру жұмыстарының өзекті мәселелері, сонымен қатар студенттердің академияның волонтерлік қозғалысына және қоғамдық өміріне қатысуы түсіндірілді.

Білім беру қызметінің негізгі міндеттерінің бірі студенттердің Академия ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау екенін атап өткен жөн.

Яндекс.Метрика