Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академиялық ұтқырлық туралы хабарландыру

Құрметті бакалавриаттың 2 және 3 курс студенттері!

2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне екіжақты келісімдер бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Конкурсқа республикалық бюджет қаражаты есебінен (тек мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) мынадай талаптарға сәйкес келетін студенттер қатыса алады:

  • бакалаврлар үшін кемінде 60 ECTS кредитін меңгерген (әдетте 2-3 курс студенттері);
  • үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-»; «С+»;
  • қабылдаушы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) көздеген деңгейде шет тілін білу;
  • құжаттарды тапсыру кезінде тәртіптік жазаға тартылмау.

Академиялық ұтқырлыққа құжаттарды өз қаражаты есебінен тапсыратын студенттер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-»; «С+»;
  • ЖЖОКБҰ қабылдаушы көзделген деңгейде шет тілін білу
  • құжаттарды тапсыру кезінде тәртіптік жазаға тартылмау;
  • Академияда төлем қарыздары жоқ.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 20 қазан, Астана уақыты бойынша сағат 15.00.

ОҚУ БІТІРЕТІН КУРСТЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

I кезең – құжаттарды қабылдау
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Академия кеңсесіне келесі құжаттарды тапсырады:

  • білім алушының өтініші (еркін нысанда);
  • 3 тілдегі транскрипт (қаз, орыс және ағылшын);
  • мотивациялық хат (қазақ немесе орыс тілдерінде);
  • 2 ұсыныс хат: факультеттен (басшының / куратордың қолымен куәландырылған қазақ немесе орыс тілдерінде, факультет деканының қолы міндетті), тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінен;
  • шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (бар болса, шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL) арқылы алынған сертификат).

Орыс тілінде оқытатын ЖЖОКБҰ үшін ағылшын тілін білуге сертификат талап етілмейді.

 

II кезең – үміткерлермен әңгімелесу
Сұхбаттың күні мен уақыты қосымша хабарланады.
Конкурс мәселелері бойынша консультацияларды халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі (437 каб) жүргізеді.
Іріктеу кезеңінің нәтижелері туралы ақпарат Академияның сайтында орналастырылады.

Студентті академиялық ұтқырлық бойынша оқыту туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы ЖОО шығарады.

Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі
Оқу корпусы, 437 каб.
Тел: +7 7172 790 855, +7 7172 790 869

Яндекс.Метрика