Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Amanat» партиясы Академияда

Өткен дүйсенбі, 11 қыркүйекте «Amanat» партиясының өкілдері атынан «Amanat» партиясының Астана қаласы «Есіл» аудандық филиалының басшысы Ерболат Исаков, мәслихат депутаты Ғабит Тәжімұратов және мәдениет қайраткері Қайрат Ахметовтің қатысуымен Академияда кездесу өтті.

Академия студенттері мен қызметкерлері қатысқан интерактивті кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер талқыланды.

Партияның халыққа Жолдауын жүзеге асыру бойынша ағымдағы және атқарылған жұмысының қорытындылары мен жаңа міндеттері бойынша алдағы жоспарлары айтылды. Мектептердің, балабақшалардың, медициналық мекемелердің жетіспеушілігі сынды маңызды мәселелер қамтылды. Баяндамашылар еңбек нарығында сапалы мамандардың, оның ішінде мұғалімдердің жетіспеушілігіне баса назар аударды.

Партия өкілдері өскелең ұрпақты болашақ ұстаздар мен өз ісінің маманы ретінде елінің қоғамдық өміріне белсене араласып, өз орнын алуға шақырды.

Кездесу соңында Академия ректоры Бибигуль Нусипжанова ұжымның жалпы көзқарасын түйіндеді: «Еліміз бір, мақсатымыз да бір. Шетте тұрмай, бейжай қарамауымыз керек. Бірлескен күш-жігер арқылы біз ортақ еліміздің өркендеуіне үлес қоса аламыз».

Яндекс.Метрика