Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияның тәрбиеленушілері «Встречи на берегах Невы» фестиваліне қатысты

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Встречи на берегах Невы» Халықаралық хореографиялық ірі өнер фестиваліне қатысты. Хореография факультетінің аға оқытушысы Анвара Садықованың жетекшілігімен тәрбиеленушілер өздері орындайтын ең жарқын концерттік нөмірлердің бірі – «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өңделіміндегі композитор Дәулеткерейдің музыкасына қойылған «Жастар» нөмірін ұсынды. Би нөмірі қазақ биінің мәнерлілігі мен өзіндік ерекшелігін көрсетеді, биде жастардың  рухы мен қуаты айқын көрінеді.    

Биыл «Встречи на берегах Невы» Халықаралық хореографиялық өнер фестивалі өзінің алғашқы үлкен мерейтойын атап өтеді. Фестиваль осымен оныншы рет өткізіліп отыр. Пандемияға байланысты іс-шара онлайн форматта өтті. Фестиваль Беларусь, Грузия, Италия, Қазақстан, Латвия, Ресей және Жапония елдерінен келген хореографиялық ұжымдардың 350-ден аса қатысушыларының басын қосты. Барлық қатысушылар дипломдармен, ал жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталды.

Осы мерейлі күнге орай Қазақ ұлттық хореография академиясының Бірінші проректоры Бибігүл Нүсіпжанова «Встречи на берегах Невы» фестивалінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына өзінің құттықтау сөздерін жолдады: 

– Фестиваль үшін осы мерейлі сәтте оның алғаш құрылуы мен қалыптасуына атсалысқан барлық қатысушыларды құттықтаймын. Осы өнер мерекесі үшін үлкен ризашылығымыз бен шексіз алғысымызды білдіреміз. Жыл сайын осы бағалы және аса қажетті жобаның ауқымы мен аясы кеңейіп, жобаға қатысушылардың хореографиялық шеберлігін жаңа биіктерге жетелей берсін. Фестивальдың жаңа белестерге жетіп, жаңа тұлғалар мен таланттарды шығаруына және одан әрі үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Ұзақ өмір, табыс және амандық тілейміз» – деп Бибігүл Нүсіпжанова ізгі лебізін білдірді.

Айта кетсек, өткен жылы «Встречи на берегах Невы» фестивалінде Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері ең үздіктер атағына ие болды. 2019 жылы Аққанат Смағұлова мен Жания Қанат оқытушы Алмат Шәмшиевтің жетекшілігімен халық музыкасына қойылған «Әшекей» хореографиялық миниатюрасымен және Анвара Садыкованың қойылымындағы Нұрғиса Тілендиевтің музыкасына «Аққулар» биімен өнер көрсетті.    

Яндекс.Метрика