Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алматы қаласында Қазақ ұлттық хореография академиясының гастролі өтеді

2023 жылы наурыздың 4 күні ALMATY THEATRE сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының гала-концерті өтетін болады.

Академия білім алушылары көрермендердің назарына М. Петипа, А. Ваганова, В. Вайнонен секілді атақты балетмейстерлердің классикалық мұрасына жататын балет спектаклдерінен үзінділер мен қазіргі хореографтардың қойылымдарын ұсынады.

В первом отделении концерта юные артисты исполнят гран па из балета «Пахита» Л. Минкуса, второе отделение – дивертисмент, в ходе которого зритель сможет насладиться концертными номерами класического наследия, современной хореографии и национальными казахскими танцами.

Концерттің бірінші бөлімінде жас әртістер Л. Минкустың «Пахита» балетінен гран па орындап, екінші бөлім – дивертисмент барысында көрермендер классикалық мұраның, заманауи хореографияның және ұлттық қазақ билерінің концерттік нөмірлерін тамашалай алады.

Концерт сағат 17.00-де басталады, билеттерді ticketon.kz сайтында және ALMATY THEATRE кассасынан алуға болады. Айта кетейік, бұл іс-шара театр үшін маңызды, себебі оның мақсаты – қазақстандық дарынды балет әртістерінің жаңа буынын қолдау.

Хореография академиясының
баспасөз қызметі
+77172 79 85 97

Яндекс.Метрика