Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ ҚАЛАЙ ?

Берекелі бейсенбінің 4-мамыры күні, академияның мәжіліс залында «Жастар» ҚБ төрайымының қатысуымен «Қаржылық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсылық» тақырыбында академияның студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін семинар өтті. Жиын спикері «Жастар Алауы» орталығынан Д.Бегалықызы. Бұл іс-шарада қаржылық сауаттылықтың халықтың қаржылық мінез-құлқы мен әл-ауқатына, еліміздің экономикалық дамуына әсері мәселелері талқыланды.

Студенттермен бірге «қаржылық қауіпсіздік», «сыбайлас жемқорлық», «мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне қатер төндіретін», «сыбайлас жемқорлық тәуекелдері», «пара» және т.б ұғымдарға анықтамалар берілді.

Бұл семинардың мақсаты – аудиторияның қызығушылығын ояту және олардың күнделікті өмірінде және кәсіби қызметінде сауатты қаржылық мінез-құлық туралы білімдерін қолдана білу қабілетін, қаржылық сауаттылық саласында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамытуы көзделген.

Яндекс.Метрика