Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында

4-мамыр күні Академияда «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеп  студенттердің бойынан ұлттық құндылықтар мен рухани  патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылған шараға академия тәрбиеленушілері де қызығушылық танытты.

Еліміздегі әрбір азамат, соның ішінде мұндағы студенттер мемлекеттік тілді білу деңгейін көтеру, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруда ұстаздардың да еңбектерін атамай кетуге болмас. 

Мамыр мерекелері мен Жеңіс күніне орайластырған бұл шараның өтуі кезінде Қазақ ұлттық хореография академиясы білім алушыларының ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтындықтары ерекше байқалды.

Яндекс.Метрика