Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жеңіс күніне арналған оқулар

2023 жылдың 5 мамырында Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында 5 «б» сынып оқушылары арасында Жеңіс күніне арналған оқулар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде зор маңызы бар поэзияны насихаттау, патриотизм, жанашырлық және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Шара барысында кітапханашы Айгүл Сапарғалиева кіріспе сөз сөйледі. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар туралы айтып, Ұлы Отан соғысына арналған кітап көрмесін ұсынды. Көрмеде майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың кітаптары, Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдер мен әндер, әскери тақырыптағы кітаптар ұсынылды.

Іс-шарада Константин Симоновтың «Жди меня, и я вернусь» өлеңі, Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім»  өлеңі, Роберт Рождественскийдің «Реквием»  және т.б. өлеңдер оқылды.

Яндекс.Метрика