Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ата-аналар жиналысы

Академияда оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында 2024 жылдың 4 қаңтарында ата-ана мен мұғалімнің диалогы түрінде өтетін ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа жалпы білім беретін және арнайы пәндердің барлық мұғалімдері, дәрігерлер, педагогикалық психологтар, диетологтар және Академия білім алушыларының оқу-тәрбие процесіне тікелей қатысы бар басқа да жауапты тұлғалар қатысты.

Білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері арнайы пәндер оқытушыларынан білім алушының арнайы пәндер сабақтарындағы үлгерімі, оның жетістіктері, проблемалары және оларды жақсарту немесе жою бойынша ұсыныстар туралы қысқаша ақпарат алады.

Пән мұғалімдері өз пәні бойынша әр оқушы туралы мәлімет берді.
Медициналық бөлімнің басшысы балалардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат берді.
Интернат басшысы тұрғын үй корпусында тұратын КБ мектеп-колледжінің білім алушылар, олардың тәртібі және т.б. жайлы ақпаратпенн бөлісті.
Академия психологы қызығушылық танытқан ата-аналармен қажет болған жағдайда әңгіме жүргізіп, олармен кездесу немесе әңгіме өткізу мәселесін келісті.
Оқу процесіне қатысты сұрақтар туындаған кезде кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы және оқу ісі жөніндегі меңгерушісі кеңес беріп, сұрақтарға жауап берді.

Яндекс.Метрика