Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ биінің педагогтары туралы онлайн дәріс

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері мен магистранттарының кезекті Ғылым апталығы аяқталуда. Соңғы күні аға оқытушы Садықова Анвара Әріпқызы ZOOM платформасында қазақ биінің педагогтары туралы онлайн дәріс өткізеді, басталуы сағат 15-00-де. Бұл іс-шара қазақ биінің тарихына қызығушылық танытқан барша қауым үшін қызықты болады.

Дәрістен кейін V ғылым апталығының ресми жабылуы өтеді және ағымдағы жылдың 12-16 сәуірі аралығында өткізілген барлық іс-шаралардың қорытындысы шығады, соның ішінде «Мәдениет пен өнердегі көрнекті тұлғалардың өмірі» ғылыми-ағартушылық жобасының жеңімпаздары белгілі болады.

Яндекс.Метрика