Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы қабырғасында «Erasmus+» бағдарламасы: халықаралық ынтымақтастық пен білім беру бастамаларының болашағы

Қазақ ұлттық хореография академиясында Erasmus+ бағдарламасына арналған кафедра декандарымен және оқытушылармен кездесу өтті.

Бұл бағдарлама Еуропалық Одақтың білім беру, кәсіптік даярлық, жастар саясаты және спорт саласындағы маңызды бастамашыл жобасы болып табылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтардың жеке және кәсіби дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Erasmus + бағдарламасы жеке тұлғалардың (студенттер, қызметкерлер, басқару және қызмет көрсету персоналы) ұтқырлығы, жоғары оқу орындары мен ұйымдар арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ реформа саясатын қолдау сияқты бірнеше негізгі әрекеттерді жүзеге асырады. Қазақстан үшін «Халықаралық кредиттік ұтқырлық», «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру», «Erasmus Mundus» және «Жан Моне» бірлескен магистрлік бағдарламалары қолжетімді.

2023 жылғы «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» (КА1) конкурсының нәтижесі бойынша Орталық Азиядан Қазақстанның үлесіне 46% орын тиесілі. Erasmus + бағдарламасының басымдықтарына инклюзия мен әртүрлілік, цифрлық трансформация, демократиялық қатысу, ортақ құндылықтар мен азаматтық белсенділік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес кіреді.

Жобалық өтінімдерді бағалау критерийлері өзектілігі, серіктестік пен ынтымақтастық сапасы, дизайн және іске асыру сапасы, тұрақтылық, күтілетін нәтижелердің әсері және таралуы сияқты аспектілерді қамтиды. Бұл бағдарлама студенттерге, оқытушылар құрамына және зерттеушілерге халықаралық алмасуларға қатысу үшін бірегей жол ашады, сондай-ақ олардың ой өрісін кеңейтуге және білім мен мәдениетте құнды тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Яндекс.Метрика