Қабылдау комиссияларының байланыстары

Би өнері және балет бейнесі: профессор Мина Гаджиевадан қызықты мастер-класс

«Ғылым апталығы – 2024» аясында Қазақ ұлттық хореография академиясында белгілі әзірбайжандық композитор Ариф Меликовтың «Махаббат туралы аңыз» балетінің үлгісін пайдалана отырып, балеттегі көркем образдарды шығармашылық түсіндіру аспектілерін ашқан бірегей мастер-класс өтті. Мастер-класста Әзірбайжаннан келген қонақ, философия ғылымдарының докторы, профессор Гаджиева Мина Тельманқызы спикер болды.

Спикер шеберлік сынып барысында «Махаббат туралы аңыз» балетінің құрылу тарихын, осы аңызға айналған баллетті құру үдерісіндегі Юрий Григорович, Ариф Меликов, Назым Хикмет және Симон Вирсаладзенің арасындағы қарым-қатынастың маңызды рөлі туралы айтып берді.

Мастер-класстың негізгі түрткісі – «Махаббат туралы аңыз» балеті бойындағы символизм. Шеберлік сынып барысында профессор аудиториямен кейіпкерлердің психологиялық портреттерін және олардың сюжеттегі рөлін егжей-тегжейлі талдады.

Академияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында Мина Тельманқызы елордада өткізген уақытына қуанышты екенін айтты.

«Астана жайлы біраз естіген едім. Қазақстанда мәдениет пен өнерге осындай мән берілетініне қуаныштымын. Әзірбайжандық композитор Ариф Меликтің «Махаббат туралы аңыз» балетінің Astana Ballet театрында қойылғанын естідім. Бұл процесті бақылай отырып, «Ғылым апталығы – 2024» аясында Би академиясына шақырылғаныма қуаныштымын», – деді Мина Тельманқызы.

Ол сондай-ақ, болашақ ұрпақ үшін қойылымдардағы бейнелердің маңыздылығын атап өтті. Себебі хореографиялық қойылым тек қозғалыс емес, ол бейнені психологиялық құру болып табылады.

Яндекс.Метрика