Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Табиғатты аяла» экологиялық акциясы өтті

19 наурыз Жаңару күнінде Академия кітапханасында «Наурызнама» онкүндігіне орай «Табиғатты аяла» экологиялық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, макулатураны жинау арқылы ағаштарды сақтау. Ғалымдардың айтуынша, одан әрі өңдеуге жіберілген 60 кг макулатура бір ағашты кесуден сақтайды.

Академия корпустарындағы арнайы жерлерде қораптар қойылып, апта бойы макулатура жиналды. Акцияға  барлық оқушылар мен қызметкерлер белсене ат салысты.

Акция аясында 100 кг-нан аса макулатура жиналды. Оның барлығы қайта өңдеуге жіберіледі, түскен қаражат кітап сатып алуға жұмсалады, дейді ұйымдастырушылар.

Яндекс.Метрика