Қабылдау комиссияларының байланыстары

Астанада дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен «Наурыз балы» өтті

Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында алғаш рет «Наурыз балы» өтті. Шараға түрлі елдердің дипломатиялық корпусы, халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері жиналды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева биыл Қазақстан Наурыз мейрамын дәстүрлер мен оның элементтерін өмірге әкелетін жаңа форматта тойлап жатқанын атап өтті. «Наурызнама» концепциясы мерекеге ерекше, қайталанбас сипат берді: енді әр күн ұлттық мерекеге сән қосатын ерекше атаумен аталмақ.

«Наурыз балы» аясында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері хореограф Евгений Моисеевтің жетекшілігімен қойылған вальс биледі. Шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі болды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Яндекс.Метрика