Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында VI Ғылым апталығы аяқталуға жақын

15 сәуірде Ғылым апталығының соңғы күні Академия білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлерінің қатысуымен екі іс-шара өтеді.

SCIENCE CAFE алаңында «Композитор және қоюшы хореограф: тоғысу нүктелері» тақырыбы талқыланады. Іс-шараның спикері 1-ші курс докторанты Айсұлу Тани болады.

Сонымен қатар, соңғы күні Иерусалим музыка және би академиясының (Израиль), Ұлттық би академиясының (Италия) білім алушыларымен және біздің Академияның білім алушыларымен Zoom платформасында өтетін «Израиль, Италия, Қазақстанның заманауи билері» атты телекөпір жоспарланған.

Күннің соңында VI ғылым апталығының ресми жабылуы өтеді, апта аясында өткізілген барлық іс-шаралардың қорытындысы шығарылады.

Іс-шаралардың басталуы: 

«Композитор және қоюшы хореограф: тоғысу нүктелері» тақырыбы бойынша талқылау сағат 15.00-де 462 аудиторияда өтеді.

«Израиль, Италия, Қазақстанның заманауи билері» телекөпірі сағат 16.00-де Zoom плптформасында.

Телекөпірді ZOOM конференциясына сілтеме арқылы қосылу арқылы көруге болады:

https://us06web.zoom.us/j/3020931700?pwd=d0xoZ1ZkMFVLWS9tSWtYdHlCTkI5Zz09

Яндекс.Метрика