Қабылдау комиссияларының байланыстары

Елорда әкімінің орынбасары Академия қызметкерлерін Ғылым күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Ғылым күнімен құттықтады. Б. Жәкеновтің атынан алғыс хаттарды академияның оқытушысы, профессор Гүлнар Саитова, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директоры, профессор Жанна Толысбаева және өнер факультетінің деканы Райхан Досжан алды.

Хореография академиясы құттықтауларға қосылып, сіздерге ғылым жолында, шығармашылықта және жұмыстарыңызда көптеген жаңа табыстар тілейді! Сіздердің еңбек жолдарыңыз білім алушыға – тағылым, академия үшін – мақтаныш. Академияға сіңірген зор еңбектеріңіз бен  терең білімдеріңіз үшін алғыс білдіреміз. 

Яндекс.Метрика