Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұстаздары «Халық алғысы» медальдарымен марапатталды

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары Мусина Флюра Борисовна және Ізім Тойған Оспанқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Халық алғысы» медальдарымен марапатталды.

Бұл медаль Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалған және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, сондай-ақ пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу мақсатында беріледі.

Академия ұжымы ұстаздардың жетістіктерін мақтан етеді және Мусина Флюра Борисовна мен Ізім Тойған Оспанқызын құрметті наградаларымен шын жүректен құттықтайды. Зор денсаулық, амандық және шығармашылық табыстар тілейміз!

Яндекс.Метрика