Қабылдау комиссияларының байланыстары

Үлкен буынға арналған жан жылуы

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарын Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Қайырымдылық акциясы қызметкерлердің демеушілік қаражаттарының есебінен ұйымдастырылды.

«Шарапат» орталығы мен Академия арасында бұрыннан достық байланыс орнаған. Оқу орнының тәрбиеленушілері осы мекеме қабырғасында бірнеше рет өнер көрсетіп, көрермендердің сый-құрметіне ие болған.

Өкінішке орай, биыл карантинге байланысты және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы жеке құрмет көрсетудің орайы келмеді. Сонда да үлкен буын өкілдері назардан тыс қалған жоқ, өйткені бұл мереке әжелер мен аталарға ерекше көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуге көмектеседі. Күнделікті өмірде қарт адамдар жасына және денсаулық жағдайына қарай тек туғандарының ғана емес сондай-ақ жақындарының, сонымен бірге бүкіл қоғамның кішіпейіл және мейірімді қарым-қатынасына, махаббаты мен ыстық ықыласына мұқтаж екендігін естен шығармаған маңызды.

Үлкен буын өкілдеріне зор денсаулық, жан тыныштығы мен өмірге деген өшпес құштарлық тілейміз!

Яндекс.Метрика