Қабылдау комиссияларының байланыстары

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылы 30 қазанда сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдығына арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ХІХ ғасырдың белгілі ағартушысы, аудармашы, этнограф, фольклорист, отандық картографияның негізін қалаушы. Полковник М.М. Хоментовский ұйымдастырған ірі әскери-ғылыми экспедицияның (1856 ж.), Орыс географиялық қоғамның толық мүшесі болған. Оның есімі қазақ халқының мәдени және ғылыми жетістіктерінің көрінісі болып табылады.

Шоқан Уәлиханов Орта Азия халықтарының тарихына, этнографиясына, әдебиеті мен мәдениетіне белсенді қызығушылық танытып, Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатайға саяхат жасады, материалдар жинады және дала өлкесінің тарихы, әдет-ғұрыптары мен қазақтардың діні туралы мақалалар жазды.

Ұлы ғалымның шығармашылық және ғылыми мұрасы қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында өзектілігін сақтауды жалғастыруда. ХІХ ғасырдың алдыңғы қатарлы мәдениетінің көрнекті өкілі, көптеген ғылыми бағыттарда зерттеу жүргізген Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдық мерейтойын атап өту – ХХІ ғасыр ұрпақтарының ғылыми жетістіктерінің өзіндік қорытындысы болмақ. Оның ғылымның дамуына қосқан өте құнды үлесі және бай тарихи-мәдени мұрасы адамзат игілігіне қызмет етуде.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Яндекс.Метрика