Қабылдау комиссияларының байланыстары

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Бүгінгі таңда заманауи қазақстандық демократиялық қоғам құрудың басым міндеттерінің бірі – қоғамның мемлекетке деген сенімін жоятын, оның әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізудің мақсаты – студент жастардың санасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру арқылы жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық құбылыстарын жою болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» Республикалық акциясы өтіп жатыр. Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары мен студенттері акцияны қолдап, белсенді қатысуға бел буды.

Осы мақсатта 2020 жылғы 21 қыркүйекте өнер факультеті «Арт-менеджмент» мамандығының студенттері мен оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик дайындады. Бейнероликтің сюжеттік желісі Академия студенттері мен қызметкерлерінің кез-келген сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілік ұстанымдарын және олардың сыбайлас жемқорлық көріністерінен ада жоғары білім беру жүйесінің пайдасына таңдауын білдіреді.

Яндекс.Метрика