Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

2023 жылдың 21 сәуір күні Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қазақ ғылымы мен оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, академик Мәулен Балақаевтың құрметіне арналған «Балақаев оқулары ІХ» аясында: «Тіл және әдебиет уақыт пен кеңістік тоғысында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн форматта өтеді.

Конференцияның басты бағыты ретінде тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы өзекті мәселелерді айқындау, Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы ғалымдар еңбектерінің маңызын саралау, тіл мен әдебиетті оқытудың концепциялары мен тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау жасау, қоғамдағы тіл мен әдебиеттің қызметін айшықтау мақсаты қойылды.

Конференция бағыттары:

1.Тіл білімінің өзекті мәселелері;

  1. Әдебиеттану саласындағы ізденістер;
  2. Білім беру мен тәрбие үдерісіндегі тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі: дәстүр мен жаңашылдық

 

Конференция өткізу күні: 21 сәуір 2023 жыл

Баяндама түйінін өткізу күні: 31 наурыз 2023 жыл

Қабылданған баяндамаларды хабарлау күні: 07 сәуір 2023 жыл

Конференция бағдарламасын тарату күні: 14 сәуір 2023 жыл

Баяндаманың толық мәтінінің тапсырылу күні: 20 сәуір 2023 жыл

 

Конференция өткізілетін орын: онлайн, ZOOM платформасында

Meeting ID: 329 856 8155

Password: 123456

Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдері

 

Материалдарды ресімдеу тәртібі

Мақала мәтіні (10 беттен аспауы тиіс) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен жағынан – 2,0 см, сол жағы — 3 см, оң жағы – 1,5 см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25 см) жазылуы тиіс.

Келесі жолдың ортасында мақаланың тақырыбы қою әріппен жазылады. Бір жолдан кейін автордың аты-жөні толығымен жазылады. Келесі жолда

ұйым, қала атауы, автордың электронды поштасы курсивпен жазылады. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады.

Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер әр бетте төртбұрышты тік [1; 23] жақшаларда беріледі, олардың тізімі соңында мәтінде берілу ретімен ресімделеді. Беттер нөмірленбейді. Кесте мен суреттер мәтіннің ішінде беріледі, кестелердің жоғары жағында тақырыбы, ал суреттердің астыңғы жағында атауы болуы тиіс.

Файл автордың тегі және аты-жөнімен аталғаны дұрыс.

 

Мақаланы ресімдеу үлгісі

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ

Автордың аты-жөні

Жұмыс орны, ғылыми атағы, қаласы, 123456@mail.ru

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1].

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [2].

Пайдаланылған әдебиеттер:

1

2

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС БАЯНДАМАНЫ ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРАДЫ.

Конференцияға қатысу тегін

Ұйымдастырушы: Қазақ филологиясы кафедрасы

Ұйымдастырушылармен байланыс:

Жылқыбай Гүлімжан    +7775 632 31 15

Ергубекова Жанат          +7701 655 16 28

Электрондық пошта: zhanat.yergubekova@ayu.edu.kz

 

 

Яндекс.Метрика