Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бас жүлдені Қазақ ұлттық хореография академиясының ансамблі жеңіп алды

Шара Жиенқұлова атындағы VI Республикалық қазақ биі конкурсында Бас жүлдені Қазақ ұлттық хореография академиясының ансамблі жеңіп алды.
29-31 наурыз аралығында «Астана Балет» театрының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясы ұйымдастыруымен Шара Жиенқұлова VI Республикалық қазақ биі конкурсы өтті.
Аты аңызға айналған қазақ бишісінің есімімен аталатын конкурс көрермендерді заманауи репертуармен және ұлттық бидің даму үрдістерімен таныстырып, жарқын орындаушыларды анықтауға мүмкіндік берді.
Конкурс бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты болды. Қазақ ұлттық хореография академиясында Шара Жиенқұловаға арналған бірегей фотоальбомның тұсаукесері, Анвара Садықова мен Алматы Шамшиевтің шеберлік сыныптары, Ш. Жиенқұлованың шығармашылығының ізбасарлары – белгілі педагогтар мен ғалымдар К.Н. Бейсенованың және Т.О. Ізімнің дәрістері, алдыңғы өткен бес қазақ би конкурсы материалдарының көрмесі өтті.

Ұжымдар мен солистердің қойылымдары, қазақ биінің Гала-концерті «Астана Балет» театрының сахнасында өтті.
Жеңімпаздарды лайықты марапатымен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қазақ өнері мен биінің өркендеуі жолында жемісті шығармашылық ізденістер тілейміз.
Шары Жиенқұлова атындағы VI Республикалық қазақ би байқауының жеңімпаздарының тізімі

Бас жүлде – Қазақ ұлттық хореография академиясының ансамблі.
1 орын – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы Ақан сері атындағы облыстық филармониясының «Туған жер» би ансамблі, Петропавл қ.;
2 орын – Қызылорда облыстық филармониясы, «Томирис» би ансамблі;
3 орын – Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Ертіс концерті». «Алтай» халық би ансамблі;
3 орын – Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы, «Нұр» би ансамблі.

«Жеке орындау» санатындағы жүлделі орындар:
1 орын- Есқаныров Әліби, Тойғұлов Ерсұлтан – Қазақ ұлттық хореография академиясы;
2 орын – Айдарханқызы Іңкір – Қазақ ұлттық хореография академиясы;
3 орын – Мұхамметалиев Омар – «Наз» мемлекеттік би театрлары;
3 орын – Какен Алина – «Нұр» ансамблі, И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы., Павлодар қ.

«Балетмейстер өнері» санатындағы жүлделі орындар:
1 орын – қоюшы-балетмейстер Алматы Шамшиев;
2 орын – қоюшы-балетмейстер Анвара Садықова;
3 орын – қоюшы-балетмейстер Тимур Қожахметов;
3 орын – қоюшы-балетмейстер Амина Самарбаева.

Конкурс дипломанттары
«Жеке орындау»
1. Төреқан Мереке, Сылқымбай Балауса – Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі;
2. Кантаева Куралай – «Ертіс концерт» Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы. «Алтай» халық би ансамблі.
«Топтық орындау»
1. Жетісу облысының филармониясы. Талдықорған қ.;
2. «Контраст» би театры, Астана қ.

Яндекс.Метрика