Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған сынып және кураторлық сағаттар конкурсы

Ағымдағы жылдың 22-30 қарашасы аралығында Академияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Елбасы туралы сынып және кураторлық сағаттар конкурсы өткізілді.

Байқауға 21 сынып қатысты. Тақырып аясында жарқын және мазмұнды сынып сағаттары ұсынылды, онда білім алушылар сенімді фактілерге сүйене отырып, өз пікірлерін білдірді, Н.Ә. Назарбаев туралы слайдтық тұсаукесерді көрді. Сынып сағатын өткізудің бұл түрі әрбір білім алушыға нағыз көшбасшы – басқаларды көшбасшылыққа нәтижелі ынталандыратын және жетелейтін тұлға екенін түсінуге мүмкіндік берді.

Конкурс қорытындысы бойынша келесі сыныптар мен сынып жетекшілері марапатталды:
1 орын – 1 «А» сынып, сынып жетекшісі Кәрім Әсем Төлегенқызы; 4 «А» сынып, сынып жетекшісі Молшылықова Шұға Ондабайқызы.
2 орын – 7 «А» сынып, сынып жетекшісі, Кабышева Әйгерім Бағланқызы; 7 «Б» сынып, сынып жетекшісі Тұрғанбаева Гүлнәр Мақсатқызы.
3 орын – 3 «Б» сынып, сынып жетекшісі Бакирова Майра Бабакумарқызы;
6 «Б» сынып, сынып жетекшісі Қабдулина Еркежан Тұрсынбекқызы.

Яндекс.Метрика