Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Астанада аймақтық өкілдігі ашылды

Профессор Бибігүл Нүсіпжанова Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Астанадағы аймақтық өкілдігінің үйлестірушісі болып сайланды.

2022 жылғы 10 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында Астана қаласындағы ЮНЕСКО клубтары басшыларының жалпы жиналысы өтті. Кездесу Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті Серқан Аязбаевтың төрағалық етуімен өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан елордасында Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының аймақтық өкілдігін ашу мәселесі қаралды. Жиын нәтижесінде Қазақ ұлттық хореография академиясының базасында өкілдік ашу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, ЮНЕСКО клубтарының жетекшілері өкілдік үйлестіруші сайлады. Дауыс беру нәтижесінде үйлестіруші болып Қазақ ұлттық хореография академиясы ректорының міндетін атқарушы Бибігүл Нүсіпжанова сайланды.

Яндекс.Метрика