Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК – ТАБЫС КІЛТІ

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады.

Мақсаты: ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарға үлгі ету.

Қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалардың еңбек салалары:
– білім беру;
– ғылым;
– медицина;
– мәдениет;
– ауыл шаруашылығы;
– өнеркәсіп.

Көрнекті жетістіктің белгілері:
– қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізетін шәкірт тәрбиелеу, ұрпаққа мұра қалдыру;
– өз еңбек саласын республикалық, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету;
– ғылымда, өндірісте жаңалық ашу.

Қажырлы еңбектің белгілері:
– ұзақ жыл бір салада еңбек ету;
– өмірде және еңбекте кездескен түрлі қиындықтарға мойымау;
– кәсіби біліктілгі мен дағдыларын және уақытын тиімді пайдалануға бағыттау;
– еңбек жолында қайсарлық, қайраттылық, табандылық таныту.

Қатысу шарттары:
1. Тұлғалардың кандидатурасын үшінші тараптан Instagram желісіндегі өз парақшасында ұсынады. Ұсынылатын тұлғалардың жасына шек қойылмайды.
2. Қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 23 наурызға дейін.
3. Тұлғаларды ұсыну жарияланымында (пост) #қажырлыеңбек және #выдающийсяуспех хештегтерін қолдану міндетті.
4. Тұжырымдаманың белгілеріне сай іріктелген тұлғалар туралы инфографикалар дайындалады.
5. Тұлғалар туралы ақпараттар Ruh.kz, Kipd.kz сайттарында және Instagram парақшаларында жарияланады.

Яндекс.Метрика