Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазіргі хореография және поляк биі бойынша шеберлік сабағы

Ағымдағы жылдың 10 – мамыры Польшаның Фридерик Шопен атындағы музыка университетінің профессорлары мен студенттері Академияға заманауи хореография, поляк биі бойынша шеберлік сабақтарын өткізу және тәжірибе алмасу үшін келді.

Профессор Клаудия Карлос-Махей шеберлік сыныбына қатысушыларды Польша университетінің қысқаша тарихымен таныстырып, өз университетіндегі хореографиялық үрдістер туралы ақпаратпен бөлісті.

Өз кезегінде қонақтар академияның тыныс-тіршілігмен кеңірек танысты. Олар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып: оқу театры, тұрғын үй, спорттық және медициналық блоктар көрсетілді.

Сол күні кеште қонақтар «Астана Балет» театрының сахнасында өткен Қазақ ұлттық хореография академиясының есеп беру концертіне шақырылып, тәрбиеленушілердің өнеріне қанықты.

Біз барлық студенттер мен оқытушыларды ағымдағы жылдың 10-16 мамыры аралығында өтетін поляк әріптестерінің шеберлік сабақтарына қатысуға шақырамыз. 192 ауд.

Яндекс.Метрика