Қабылдау комиссияларының байланыстары

Есеп беру концертінің естен кетпес сәттері

2023 жылдың 10-11 мамырында «Астана Балет» театры сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының 2022-2023 оқу жылына арналған есеп беру концерті өтті.

Бұл жолғы концерттің шымылдығын «Пахита» балетінен Гран-па премьерасы ашты. Ұлы хореограф Мариус Петипаның балет туындысына деген қызығушылық 21 ғасырда да өшпейді, бұл өнерге ұмтылған өнерпаздар үшін үлкен мектеп.

 Жас балет артистеріне жиналған халық қошеметі ерекше болды. Бірі сан алуан гүл сыйлап ықылас білдірсе, бірі «браво!» деп салынған суреттей көркем өнер иелерін ду қол шапалақпен сахнадан жібергісі келмеді.  Бұл шығармашылық кешке бұқаралық ақпарт құралдары өкілдері ішінен «Хабар 24» арнасы қызығушылық білдіріп, арнайы «Новости культуры» бағдарамасына түсірілім өткізді. Оған Ұлыбританиядан шақырылған оқытушы – Луковкин Антон және Концерттік іс-шаралар және сахналық тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Алиева сұхбат берді.

Екінші бөлімнің бағдарламасына классикалық репертуардың концерттік нөмірлері кіреді, мысалы, «Иван Сусанин» операсынан Краковяк, «Корсар» балетінен Pas d‘esclave, «Щелкунчик» балетінен Pas de deux және басқалары. Ұлттық репертуарда қазақстандық хореографтар Анвара Садықова мен Алмат Шамшиевтің қойылымдары бар.

Хореография академиясының жас әртістерінің есеп беру концерті – бұл сахнада ғажайып би нөмірлерін көріп қана қоймай, жаңа әлемдік балет жұлдыздарының дүниеге келуіне куә болу мүмкіндігі екені рас.

Яндекс.Метрика