Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының түлектері мен тәрбиеленушілері әйгілі «ГҮЛДЕР» ансамбілінің құрамында!

11-мамыр күні аты аңызға айналған әйгілі  «ГҮЛДЕР» ансамбілінің жаңартылған құраммен Алматы төрінде, Республика сарайында арнайы концерттік бағдарламасы өтеді. Бұл бағдарламада мақтанышпен айтуға болатын жайт «ГҮЛДЕР» ансамбілінің жаңа құрамында Қазақ ұлттық хореография академиясының түлектері мен тәрбиеленушілері өнер көрсетпек.

Шығармашылық ұжым өнер әлеміне Алматы қаласында алғаш қадам басқан. Ансамбль 1968 жылы құрылып, 1969 жылы 29 қазанда сахнаға шыққан. Қазақ өнерінің қаншама жарық жұлдыздары өнердегі жолын бастауына себеп болған әйгілі ансамбльдің жаңа құрамы 2022 жылдың тамыз айында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы қабырғасында құрылды. Биыл көктемнің алғашқы күні 1 наурызда тұсаукесер концерті Астанадағы «Qazaqstan» концерт залында өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ансамбльдің шығармашылық ұжымы жаңа құрамның жаңа бағдарламасын арнайы Алматы көрермендеріне тарту етпек. Естеріңізге сала кетейік бұл біздің оқушылардың, студенттер мен ұстаздардың еңбектерінің жемісі, үлкен жетістістік.  

Қазақ өнерінің бетке ұстар би ұжымының біріне айналған «Гүлдер» ансамблінің жаңа шығармашылық самғауына біздің академияның тәрбиеленушілері себеп болғаны көңіл қуантады.

Яндекс.Метрика