Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ мультфилімінің атасына арналады

12-мамыр күні Академиямыздың акт залында қазақ  мультипликация өнерінің негізін қалаушы, суретші және анимациялық кино режиссері, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген әйгілі ең алғашқы қазақ мультфильмінің атасы – Әмен Қайдаровтың  (1923-2015)  100 жылдығына орай жиын өтті.

Бұл шараны биыл мерейлі 25 жылдығын атап өткен Қазақ Ұлттық Өнер университетінің анимациялық фильмдер режиссері, «Кино және телережиссура» кафедрасының аға оқытушысы – Талант Жалелов, сондай-ақ, Өнер университетінің «режиссура кино және теледидар» кафедрасының меңгерушісі Айдос Сейітжан және  Өтегенов Мади – «Анимациялық фильмдер режиссері» мамандығының 5 курс студенті жүргізді.

Академияның кішкентай тәрбиеленушілері қонақтардың қызықты сауалдарына жауап беріп, алғашқы мультфильмнен хабарлары бар екенін жеткізді.

Жиын соңында Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенттері жасаған  тәрбиелік мәні зор анимациялық сан алуан мультфильмдері балалар назарына ұсынылып, олармен бірге талқыланды.

Бұл бас қосудың басты себебі: өскелең ұрпақ қазақ  мультипликациясының атасы – Әмен Қайдаровты ұмытпай, жаңа заманға сай жаңа мультфильмдер легін насихаттау.

Яндекс.Метрика