Қабылдау комиссияларының байланыстары

Сұлтанахмет Қожықовтың қалдырған мұрасы

 15-мамыр күні Қазақ ұлттық хореография академиясының, Өнер факультеті, Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен       Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кинорежиссер Сұлтанахмет Қожықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Science cafe» орталығында ақпаратты-танымдық жиын өтті.

Кинотанушы – Гауһар Аспандиярқызы мен семинар жүргузішсі – Болат  Әбдірахманов академияның 1 курс студенттеріне қажетті ақпарат беріп, сол замандағы киноның ретро кейпін студенттерге сезіндіру үшін арнайы киноленталар мен киноның түсіру алаңында болатын хлопушка алдырыпты.

Жиын барысында қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған «Қыз Жібек» кинофильмінің режиссері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың кино әлемі үшін сіңірген зор еңбектері мен оның  кино тарихына қосқан үлкен мұралары туралы айтылды.

Сондай-ақ жиында студенттер: София Темирханова, Ясафура Кужанбаева, Аружан Қызырова өздерінің дайындап келген Сұлтанахмет Қожықов туралы тың деректермен бөлісті.

Яндекс.Метрика