Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Отбасымызбен оқимыз» жобасы

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Отбасымызбен оқимыз» жобасы өз жұмысын жалғастырды.  Жобаға қатысушылармен бірге біз ерте жастан бастап балаларды оқуға баулу идеясын дамытамыз. Академиямыздың қызметкерлері, оқытушылары осы тәрбие үрдісінің маңыздылығын түсініп, балалары мен немерелеріне күнделікті ертегілер оқитынына қуаныштымыз. Бұл балалардың қиялын дамыту, ой – өрісін кеңейту және оқуға деген сүйіспеншілікті ояту үшін ғана қажет емес,  оқу барысында  бір-біріне деген ерекше сенімді  қалыптастыру мақсат тұтылады.

          Академия кітапханасында тағы бір маңызды іс-шара өтті: біздің әріптесіміз Асылова Гүлшат Шаймерденқызы немересі Ақылбек Дарияға «Лиса, скворец и ворона» ертегісін оқу барысында  жылы лебіздерін сыйлады. Қараңызшы, қыз бала әжесіне қандай жақын болады,  кітаптағы суреттерді қуана қарап  отыр…

Яндекс.Метрика