Қабылдау комиссияларының байланыстары

Польша елшілігі мен хореоргафия академиясы арасындағы іскерлік көпірі

16 мамыр күні Қазақ ұлттық хореоргафия академиясының оқу театры сахнасында Варшавадан арнайы келіп, академияның ұстаздары мен студенттеріне дәріс жүргізген Польшаның беделді Фридерик Шопен атындағы музыкалық университетінің профессорларына кәсіби шеберлік сабақтарын өткізгендері үшін Алғыс хат табыстау рәсімі өтті.

Жиын шымылдығын құттықтау сөзімен ректор Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова ашып: «Би – әлем тілі, оның заманға сай дамып отыруы сіз бен бізден басталады. Бұл дегеніңіз әрбір дәріс алған студент би әлемінің ертеңгі бір кірпіші болары сөзсіз, өз елдеріңіздің мәдениетін біздің елімізде кәсіби тұрғыда насихаттай отырып, студенттеріміздің жан-жақты дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз», – деп Академия атынан «Шара Жиенқұлованың өшпес ізі»  фотокітабы мен «Қазақ биі сабағынан музыкалық сүйемелдеуге арналған хрестоматия» құрметпен табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 мен 15 мамыр аралығында Польшаның Фридерик Шопен атындағы музыка университетінің профессорлары мен студенттері академияға заманауи хореография, поляк биі бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибе алмасу үшін келген болатын.

Мерекелік жиында қазақтың ұлттық киімдері мен ұлтымыздың ұяңдығын бейнелейтін тамаша туындылармен қатар, заманауи басқа да би түрлері көрермен назарына ұсынылды. Польша елшілігі мен Варшавадан келген профессор өздерінің алғыстарын білдіріп, кеш соңы естелік фотоға түсу рәсімімен аяқталды.

Енді Польша елшілігі мен хореоргафия академиясы арасында іскерлік көпір орнатылды деуге толық негіз бар.

Яндекс.Метрика