Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бибігүл Нүсіпжанова Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры болып тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрі бұйрығымен Бибігүл Нүсіпжанова Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұған дейін Бибігүл Нүсіпжанова академияның проректоры қызметін атқарған.

Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әр жылдары Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметтерін атқарды.

Яндекс.Метрика